Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен. «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55) ✅ 31 АРНАНЫҢ ӨТІРІГІ НЕМЕСЕ МЬЯНМАДАҒЫ ЖАҒДАЙ Отандық арналардың дінге қатысты тақырыптарды бұрмалап, оны жеккөрінішті қылып, исламофобиялық көңіл-күй қалыптастыратын екіжүзділігіне талай рет куә болдық. Әсіресе Мьянмадағы жағдайға қатысты 31 арнаның таратқан хабары қатты қынжылтты. Демек қантөгіске тек мұсылмандардың өздері кінәлі деген ой қалыптасады. Буддалықтардың айуандықпен жасаған қылмысын емес, жазықсыз мұсылмандарды айыптағандары шектен шықты. Мұндай арандатушылық хабарлар мұсылмандардың жүрегінде күмән тудырады, адастырады, үрейлендіреді. Егер шындықты айта алмасаңыздар, ең болмағанда өтірік хабар таратпаңыздар. Худжурат сүресі, 6 - аят: «Уа иман келтіргендер! Егер сендерге бұзық адам хабар әкелсе, білместікпен жазықсыз адамдарға тіл тигізбеу үшін, (хабардың растығын) сұрастырып біліңдер, әйтпесе сендер істегендеріңе өкінетін боласыңдар». Альяс Кармани: «Бирмада мұсылмандар 1948 жылдан бері қуғынға, жаппай өлтірушілікке, зорлық-зомбылыққа ұшырап келеді. Оларды түрмеге қамайды, олардың жерлері мен мүліктерін тартып алады. БҰҰ және басқа да дүниежүзілік ұйымдар Рохиньяның әлемдегі ең көп қысымшылық көретін халық екенін әлдеқашан мойындады». • Фил Рис әл-Джазира арнасының журналисті: «Бирма үкіметі буддисттар мен мұсылмандар арасында өшпенділікті әдейі қоздыратынын растайтын құпия құжаттар мен көптеген сұхбаттарды соңғы жылдары мен жинадым». Пенни Грин, Лондондағы Куин Мэри университеті: «Егер біз 2012 жылдағы зорлық-зомбылық жайлы хабарларға оралатын болсақ, Бирма билігінен мұның сонда тұратын қауымдар арасындағы жай жергілікті қақтығыс болғанын жиі ести аламыз. Алайда бұл қауымдар арасындағы кенеттен туындаған зорлық-зомбылық емес еді. Бұл жете жоспарланған қырғын болды». • 2012 жылы Ракхайн штатында зорлық-зомбылық тұтанды. Мұсылмандар жас буддалық қызды зорлап өлтірді деген қауесеттен кейін қырғын басталды. Нәтижесінде 100 мыңнан астам Рохиньялықтар үйлерінен айырылды. Провинцияның астанасы Аракандағы мұсылмандар тұрған аудандар толығымен өртеліп, жермен жексен етілді. Бірнеше жүздеген адамдар өлтірілді. Міне 2012 жылғы оқиғаға қатысты БҰҰ-ның құпия баяндамасы. Онда саясаткерлер мен құқық қорғау органдарының қатысы барын дәлелдейтін деректер жинақталды. Сондай-ақ, Бирманың діни қайраткерлері де зорлық-зомбылықты қоздыру мен жоспарлауға қатысты болды. Томас Куинтана БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы: «Сол оқиғаның куәгерлерінен алынған сұхбат пен жинақталған дәлелдерді ескере отырып, мен үшін бұл барлық зорлық-зомбылық жете жоспарланғаны әбден түсінікті». Мэтью Смит адам құқығының атқарушы директоры: «Бирма үкіметі 2012 жылы Аракан провинциясындағы қантөгіс және бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан қырғын кенеттен туындаған жергілікті деңгейдегі жанжал деп сендіргісі келеді». Альяс Кармани: «Тыңдаңыздар, егер осы зорлық-зомбылықты Рохиньялықтар Аракандықтарға қарсы жасағанда, онда бұл жайлы бүкіл әлем жар салатын еді. БҰҰ кеңесін шақыратын еді. Бүгінгі әлемдік саясаттың екіжүзділік стандарттарын бәріміз білеміз». БҰҰ ұйымының баяндамасына сәйкес қырғынға дейін жергілікті бүлікшілерді күшейту үшін Араканға елдің басқа да аудандарынан адамдар келгені жайлы көптеген деректер бар. Пенни Грин, Лондондағы Куин Мэри университеті: «Бұл қырғынға қатысуы үшін, арнайы автобустарда жауынгерлер жеткізілді. Оларға тегін тамақ ұйымдастырылды. Үнемі қосымша күштер келіп отырды». БҰҰ-ның ішкі баяндамасында көптеген айуандықпен жасалған қылмыстарды тек Аракан тұрғындары ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қауіпсіздік күштеріменде жасалғаны айтылады. Оған қоса әскерлер, шекарашылар мен полициялар. БҰҰ-ның құпия құжатында тек бір ғана ауданның өзінде 86 зорлау жағдайы, сондай-ақ жергілікті билік тарапынан көптеген кек алу, қорқыту әрекеттері тіркелгені айтылады. Бұл деректер оқиға орнынан алынған көптеген фото және видео материалдармен расталады. • «Олар әйелдерді ұстап, оларды зорлады», «Олардың барлығы мені бірінен соң бірі зорлады», «Олар біздерді қорлады. Олар біздерді мешенге алып зорлады». Қырғынның мақсаты дәл Рохинья халқы болғаны әбден айқын. Ракхайн штатының барлық тұрғындары зорланды деген жағдай болмады. Нысанада тек Рохинья болды. • 2013 жылы антиисламдық зорлық-зомбылық Аракан шегінен тыс таралды. Орталық Бирма қалаларында қырғындар басталды. Әсіресе Миектил қаласында. Андреа Житлман, АҚШ холокост мұражайы: «Миектилдегі болған жағдай осы қалада тұратын мұсылмандарға қарсы жоспарланған, мақсатты шабуыл болды». Альяс Кармани: «Көптеген адамдар айуандықпен, ең рақымсыз жолмен өлтірілді. Адамдардың денелерін бөлшектеп, тірідей өртеді. Оданда артық қынжылтқаны, ол қауіпсіздік күштері Аракан тұрғындарымен бірге Рохинья мұсылмандарына қатысты айуандыққа қатысты. Көптеген өлімдер оқ тиген жарақаттан болды». Полиция мен әскерлер болып жатқан жағдайды көліктерінде отырып тамашалады. Андреа Житлман, АҚШ холокост мұражайы: «Бұл айуандықтың ең өрескел тұсы, ол – қырғыншылар мұны таспаға түсіріп отырды. Осылайша олар істеп жатқандары үшін қаншалықты мақтанатынын көрсетті. Бұл таспалардан бейбіт тұрғындарды жәбірлеу кезінде полиция барын көруге болады. Полиция қаруланған бірақ болып жатқан жағдайға еш қарсылық танытпады». • Ұқсас қақтығыстар басқа да қалаларда орын алды. Андера Житлман: «Аман қалғандардың айтуы бойынша өздерін өлтіріп жатқандардың кім екенін білмеді. Бірақ олардың көбісінде бірдей қару болды». Томас Куинтана: «Көптеген дәлелдерді ескере отырып, бұл зорлық-зомбылық жете жоспарланғаны әбден айқын, шабуыл жасағандар жергілікті тұрғындар емес еді. Оларды қырғын жоспарланған жерге алдын ала әкелген». Пенни Грин: «Тейн Сейн режимі өзінің пайдакүнемдік мүддесі үшін елдегі өшпенділікті тұтандырады. Дәл Бирмадағы мұсылман халқын азайту мен бөлу, шеттету үшін. Осылайша бұл Бирмадағы мұсылмандарды геноцид жасау жоспарының бір бөлшегі». • Әл-Джазира үкіметтің жасырын істерін әшкерелейтін құпия құжаттарды алды. Бұл құжаттар жергілікті билік органдарының қызметкерлеріне жіберілді. Бұл дегеніміз үкімет елдегі дін аралық өшпенділікті мақсатты түрде қоздыратынын білдіреді. Мысалыға осы құжаттарда Янгона мешітіне келушілер Бирма тұрғындарына қатысты жаппай зорлық-зомбылық әрекеттерін жоспарлап жатыр деген ескертулер келтіріледі. Пенни Грин: «Бұл ресми билік өкілдерімен жасалған абсолютті пропаганда болды. Бұл құжаттарда шын мәнінде не айтылды, ол мұсылман халқын жою жайлы ұйымдасқан жоспарланған стратегия еді». Мэтью Смит: «Бұл құжаттарды көріп, үкімет шенеуніктері жоқ жерде қауіп-қатер жасағылары келетінін түсіндім. Біз мұндай құжаттарды көрген кезде, Бирма билігі мұсылман халқына қатысты өздері өшпенділікті қоздыратыны біз қатты алаңдатады». Пенни Грин: «Бұл құжаттар исламофобия бойынша нағыз директива, мұны оқыған әскерлер нағыз нәсілшілге айналады. Бұл үкіметтің ресми құжаты екенін ұғыну тым қорқынышты. Себебі бұл директиваларды оқып тыңдаған жастарға қандай әсер беретінін елестету оңай». Бұл құжатта Рохинья халқын «кота кола» деп атайды. Яғни Бирман тілінде «лас, сасық мұсылмандар» дегенді білдіреді. Пенни Грин: «Бұл құжатта өшпенділікті жағудың айқын мысалдарын көреміз. Қайталаймын бұл әскерилерді оқытатын ресми құжат. Ол Бирманың әскери теңіз күшінің бас штабымен жасалған. Осылайша бұл зорлық-зомбылық толығымен әскерилермен қолдаулы Тейн Сейн үкіметінің жауапкершілігінде жатыр». Мэтью Смит: «Ел ішінде антиисламдық көңіл-күй шақыратын бұл жағдайға саяси және әскери күштердің қатысы бар деп болжауға үлкен негіздер бар. Зорлық-зомбылықты қоздырады. Ал Рохинья халқына қатысты болып жатқан жағдайды геноцид деп атауға әбден болады». #arakan #myanmar #rohingya

Теги других блогов: мұсылмандар Мьянма Исламофобия